• USD

    - 443.35

  • EUR

    - 475.54

  • CNY

    - 61.18

  • RUB

    - 4.82

Qalayym Live жобасының экс-қатысушылары қанша ақша алғанын ашып айтты

Qalayym Live жобасының экс-қатысушылары қанша ақша алғанын ашып айтты

Тележүргізуші Мұхит Сапарбаев OYBAY SHOW жобасында Qalayym Live шоуының экс-қатысушыларымен кездесіп, бағдарлама туралы көпті алаңдататын сұрақтардың жауабын білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Экс-қатысушылар жобадан неге шығып қалғанын, енді немен айналысатынын, сондай-ақ Qalayym Live бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін айтып берді. Экс-қатысушылар бағдарламадан нақты қанша ақша алып келгенін және сценарий бойынша жұмыс істегенін ашық айтады. "Бағдарламадағы болмысымыз қазіргі өмірімізге сай келмейді. Өмірге реніші бар, ажырасып келген долы әйелдің рөлінде ойнадым", - дейді қатысушылардың бірі.  Ал журналистің бағдарламадан қанша ақша алдыңдар деген сұрағына олар ашық жауап беруді жөн көрді: "Цифрын айту керек пе? 6250 теңге. Ең соңғы айлығымызды ешқайсымыз алған жоқпыз. Ай сайын алатынбыз. Сонда шамамен 125 мың теңгедей шығатын".  Сондай-ақ, экс-қатысушылар бағдарламаға қатысқанына өкінбейтінін айтты. Себебі, олардың айтуынша, көбі жобаға танымал болу үшін, "абырой жинау үшін" келгенін ашық айтады. Осыдан кейін жүргізуші ойын ұйымдастырып, экс-қатысушыларды жанжал шығаруға шақырады. Осы кезде экс-қатысушылардың ішінен Әділет пен Ұлдана есімді жігіт пен қыз таңдап алынып, олар бағдарламадағыдай ұрыс шығарады.   Айта кетейік, Qalayym Live жобасы демалыс күндерін қоспағанда күн сайын 3 сағат эфирден көрсетіледі. Бағдарламаны әнші Аша Матай жүргізеді.

источник tengrinews.kz
  • Поделиться:

Похожие темы

Банки ЕС вернут акционерам свыше 120 млрд евро

  • 32
  • 21

Всемирный день НПО. Есть кому отмечать в Шымкенте?

  • 32
  • 17

Снег ожидается на большей части Казахстана

  • 32
  • 13

Парламент Венгрии одобрил вступление Швеции в НАТО

  • 32
  • 10

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Борьба с клещами началась в Кызылординской области

  • 32
  • 1

Президент принял министра обороны

  • 32
  • 1

Автовладельцы жалуются на плохое состояние дорог в Актобе

  • 32
  • 1

«Астана» объявила состав на «Тур Фландрии»

  • 32
  • 1

Шавкат Рахмонов назвал имя следующего соперника в UFC

  • 32
  • 1

Маулен Ашимбаев встретился с Папой Римским

  • 32
  • 1