• USD

    - 444.22

  • EUR

    - 476.38

  • CNY

    - 61.31

  • RUB

    - 4.82

«Бұл мәжбүрлі, бірақ, қажетті шаралар»: министр тұрғындарды полицейлерге қарсыласпауға шақырды

«Бұл мәжбүрлі, бірақ, қажетті шаралар»: министр тұрғындарды полицейлерге қарсыласпауға шақырды

Министр төтенше жағдай кезінде айыппұл салу бюджетке ақша түсіру үшін емес, тәртіп үшін қажет екенін айтты.

Әділет министрі Марат Бекетаев карантин кезінде тәртіп сақшыларының жұмысына түсіністікпен қарап, тұрғындарды олармен жанжалдаспауға шақырды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

«Бүгіннен бастап еліміздің бірқатар қаласында карантин режимі күшейтіледі. Біздің күнделікті өмірімізге әсер ететін жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Әр адам осы жаңа міндеттерді толықтай орындаса, олардың тиімділігі артады. Бұл мәжбүрлі, бірақ, қажетті шаралар. Сондықтан азаматтарымызды осы жаңа міндеттерді жауапкершілікпен орындауға шақырамын», – деді Әділет министрі, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министр төтенше жағдай кезінде айыппұл салу бюджетке ақша түсіру үшін емес, тәртіп үшін қажет екенін айтты.

«Әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тарту – тұрғындардың темірдей тәртіпке бағынуы үшін қажет. Төтенше жағдай кезінде айыппұл салу арқылы бюджетке ақша түсіру көзделіп отырған жоқ. Қазына қаржысын көбейту үшін салықтан түскен түсім жетеді. Сондықтан полицейлер карантин режимін бұзғандарды қамауды көздемейді. Олардың жұмысына түсіністікпен қарап, тәртіпке бағынайық», – деді ол.

Министр көшеге шыққан адам тәртіп сақшыларына не мақсатпен жүргенін байыппен түсіндіріп беруі тиіс деді. Егер қолыңызда рұқсат қағазы болмаса, тікелей басшыңызға немесе кадр бөлімінің маманына хабарласу керек екенін айтты.

«Егер полицейлер сіздің сөзіңізге күмән келтірсе, өзі тексеруге құқылы. Мұндай жағдайда тәртіп сақшысына жұмыс берушінің немесе кадр маманының нөмірін бересіз. Ол өзі хабарласып, көз жеткізе алады», – деді министр.

The post «Бұл мәжбүрлі, бірақ, қажетті шаралар»: министр тұрғындарды полицейлерге қарсыласпауға шақырды appeared first on Qazbrand.info.

источник qazbrand.info
  • Поделиться:

Похожие темы

Названа популярная пряность с массой преимуществ для здоровья

  • 32
  • 5

«Это самое страшное». Уроженец Казахстана из UFC раскрыл подробности тяжелой травмы

  • 32
  • 6

Нефтяные котировки снижаются из-за опасений по сокращению спроса

  • 32
  • 4

Красавица-жена казахстанского теннисиста восхитила новыми фото в купальнике

  • 32
  • 4

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Борьба с клещами началась в Кызылординской области

  • 32
  • 1

Президент принял министра обороны

  • 32
  • 1

Автовладельцы жалуются на плохое состояние дорог в Актобе

  • 32
  • 1

«Астана» объявила состав на «Тур Фландрии»

  • 32
  • 1

Шавкат Рахмонов назвал имя следующего соперника в UFC

  • 32
  • 1

Маулен Ашимбаев встретился с Папой Римским

  • 32
  • 1