• USD

    - 447.4

  • EUR

    - 477.55

  • CNY

    - 61.81

  • RUB

    - 4.76

Айтыскер Ринат Зайытов басшылық қызметке тағайындалды

Айтыскер Ринат Зайытов басшылық қызметке тағайындалды

Белгілі айтыскер Ринат Зайытов "Алатау" дәстүрлі өнер театры коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қадірлі ағайын, бүгін "Алатау" дәстүрлі өнер театрына қызметке тағайындалдым. Жалған сөйлеп, ақталудан аулақпын. Дегенмен де қайда барып, не істесем де барлығы әуелі Жаратушы, сонан соң өмірлік тілекшім, сақтаушым, жанашырым да Халық болғандықтан бір ауыз түсіндіріп өтейін. Адам бір нәрсеге қабілетті екенін көрсетпейінше, ешкімге ештеңені құр сөзбен дәлелдей алмайтыны айдан анық. Сондықтан маған берілген бұл мүмкіндік бірінші кезекте өзіме сынақ", - деп жазды Зайытов Instagram желісіндегі парақшасында. Сонымен қатар, айтыскер сенім білдірген мәдениет басқармасы басшылығына алғыс айтты. "Үш жүзге сөйлеп жүрген ақындарыңыз екі жүз адамды жұмылдырып жұмыс істете алмаса, оның пайдасы не? Осы сөзбен келісетін шығарсыздар? Өмірдегі ең үлкен тілегім өз елімнің бір бұрышында Қазақ өнеріне адал қызмет ету ғана. Оны талай жерде айтып та жүрдім. Міне сол тілегімнің алғашқы күні бүгін өтті. Құттықтау артық. Сәттілік тілесеңіздер алғысым шексіз. Алматы қаласының, мәдениет басқармасының басшылығына сенім білдіргеніне көп рахмет. Әзірге осылай...", - деп жазды ол. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Ринат Заитов (@rinat_zaitov_resmi) Айта кетейік, 2019 жылдың маусымында Ринат Зайытов партия құрмақ екенін айтып, "Алматы Арена" маңында президент сайлауынан кейін митинг ұйымдастырды деген айыппен ұсталғаны хабарланған еді. Кейін оның алматылықтарды сабырға шақырып, үндеу жасаған видеосы жарияланған.  Артынша халық Алматыда Масанчи мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы полиция ғимараты алдына жиналған. Сол кезде Ринат Зайытов оларды тағы да сабырға шақырып, үйге тарауын өтінген болатын.  Бес баланың әкесі, актер, хит әндердің авторы. Сіз кімсіз, Ринат Зайытов? Ринат Зайытов - 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. Зайытов екі түрлі мамандықты тәмамдаған: драма театр актері және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Бірақ оны танымал қылған бұл мамандықтар емес. 2001 жылы 17 жастағы Зайытов айтыс сахнасына шығады. Сол кезде-ақ халықтың махаббатына бөленген жас айтыскер кейін республикалық, халықаралық додаларға түсе бастап, жұлдызы жанған. Ринат Зайытов хит әндердің авторы ретінде де аты шыққан. Ол КешYou тобының көп әніне сөз жазған. Халық арасында хит болған Бүркіттің "Тәттімсің", Бейбіт Қорғанның "От, от жанарым", Ғаділбек Жанайдың "Күзгі жаңбыр" әндерінің авторы - Ринат Зайытов. 2014 жылы сөзін Зайытов жазған "Ізін көрем" әнімен Жанар Дұғалова Turkvision жарысын жеңіп алған болатын.

источник tengrinews.kz
  • Поделиться:

Похожие темы

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Борьба с клещами началась в Кызылординской области

  • 32
  • 1

Президент принял министра обороны

  • 32
  • 1

«Астана» объявила состав на «Тур Фландрии»

  • 32
  • 1

Маулен Ашимбаев встретился с Папой Римским

  • 32
  • 1

Юношеская сборная Казахстана примет участие в международном турнире

  • 32
  • 1

Сборная Казахстана упала в рейтинге FIFA

  • 32
  • 1