• USD

    - 426.14

  • EUR

    - 497.05

  • CNY

    - 66.69

  • RUB

    - 6.02

Атырауда кешкісін субұрқақтар өшіріледі

Атырауда кешкісін субұрқақтар өшіріледі

Атырау қаласындағы субұрқақтардың су шашып тұрғаны соңғы жылдары сирек кездесетін құбылысқа айналды. Оның үстіне, биыл карантин талабының күшеюіне байланысты оның жұмыс істеп тұрғандарын кешкі мезгілде өшіріп қоятын болды, деп жазды жазды inbusiness.kz тілшісі. 

«Қазіргі таңда қалада орналасқан субұрқақтар күн сайын таңертеңнен бастап қосулы тұр. Дегенмен, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, індеттің өршуіне байланысты адам көп жиналатын аймақтарда кешкі уақытта субұрқақтар өшірілуде. Ал, адам көп жиналмайтын жерлерде субұрқақтар өшірілген жоқ, - деп жауап берді қала әкімінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар.

Соның ішінде, Жайықтың жағалауы мен орталық Исатай-Махамбет алаңындағы субұрқақтар тек 09:00-19:00 сағат аралығында жұмыс істейтін болған. 

Айта кетейік, жаздың аптап ыстығында да шалажансар жұмыс істейтін, шаһар көркіне айналудан қалған субұрқақтар – мұнайлы астананың проблемасына айналып тұр. 2021 жылы оларды күтіп-ұстауға және қызмет көрсетуге «Дорремсервис» ЖШС-не 40 млн.теңге бөлінгенмен жағдай жақсарған жоқ. Ал жақында Атыраудағы басқа да жобалармен қатар, 1 млрд.теңгеге бағаланған тоғыз субұрқақ құрылысының да қаражатын жеп қашып кеткен Қазақстан ІІМ ҚАЖ комитетінің «Еңбек» РМК құрылымына кіретін «Еңбек-Атырау» бөлімшесінің бұрынғы басшысы ұсталып, үстінен соталды тергеу жұмыстары қозғалған болатын. 

Бұдан бөлек, қала тұрғындары мен қонақтары 91 метрлік тутұғырға орнатылған алып Тудың да жиі алынып тасталатынына наразы. Облыс әкімдігінен қабарлағандай, ұзындығы 29 метр, ені 14,5 метр ту жел секундына 8 метрден астам жылдамдықта болса және жауын-шашын күндері түсіріледі. Көлемі тым үлкен болғандықтан оны жуу қарастырылмаған, тек жыртылған, кем-кетік жерлері болса тігіліп, жөнделеді. Биыл тутұғырды ұстауға және қызмет көрсетуге бюджеттен 4 млн теңге бөлінген. 

Құралай қуатова

источник
  • Поделиться:

Похожие темы

«Я люблю Джейка». Экс-чемпиону UFC придется сделать унизительную татуировку ради реванша с блогером. Фото

  • 32
  • 323

«Я понимаю, он многим может мешал». Куат Хамитов считает подставой увольнение полицейского

  • 32
  • 326

ЦСКА Зайнутдинова потерял защитника до конца сентября из-за травмы

  • 32
  • 346

«Есть основания». В Азербайджане ждут выхода «Карабаха» из группы «Кайрата» в Лиге Конференций

  • 32
  • 310

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Прямая трансляция матча КХЛ «Барыс» — «Авангард»

  • 32
  • 1

В трех городах Казахстана ожидаются неблагоприятные метеоусловия

  • 32
  • 1

6 октября. Календарь Казинформа «Дни рождения»

  • 32
  • 1

Штормовое предупреждение объявлено в трех областях Казахстана

  • 32
  • 1

Двое погибли и пятеро пострадали в ДТП в пригороде Актау

  • 32
  • 1

Казахстанская гольфистка стала победительницей турнира в США

  • 32
  • 1