• USD

    - 443.85

  • EUR

    - 474.3

  • CNY

    - 61.25

  • RUB

    - 4.8

Алты оқушы халықаралық Олимпиадада топ жарды

Алты оқушы халықаралық Олимпиадада топ жарды

Жас физиктер құрама қоржынына 5 күміс, лингвистер 1 қола медаль салды. Қатысушыларды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында құттықтады. Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO-2021) 17-24 шілде аралығында Литвада онлайн форматта өтті. Зияткерлік байқауда әлемнің 76 елінен 368 оқушы бақ сынады. Қазақстанның атынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Павлодар қаласынан бес оқушы, яғни республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады. Олимпиада екі кезеңнен тұрды, олар 19 және 21 шілдеде өтті. Қатысушылар физика пәні бойынша түрлі теориялық және практикалық тапсырмаларды шешті. Өткен жылдың рекордын жаңартып, қазақстандық оқушылардың барлығы күміс медаль иегері атанды. Олар – Рауан Қалдыбаев, Антон Драганчук, Дінмұхаммед Рахымжанов, Ризабек Алпамыс, Ерсұлтан Пітебай. Халықаралық лингвистика олимпиадасы (IOL-2021) Латвияда онлайн режимде өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Шымкент, Тараз және Қарағанды қалаларынан төрт оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасы республикалық олимпиаданың жеңімпаздарынан жасақталды. Олар әлемнің 30-дан астам елінің қатысушыларымен бақ сынасты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші турда қатысушылар бес тапсырманы шешіп, екінші турда командалық жоба дайындады. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржыны бір қола медальмен толықты. Оны елордалық оқушы Пересыпкина Дарья иеленді. «Құрметті олимпиада жүлдегерлері! Сіздерді жаңа жеңістеріңізбен құттықтаймын! Қазақстандық оқушылар мықты дайындығын, білімдерінің жоғары деңгейін тағы да дәлелдеді. Сіздер өз құрдастарыңыздың арасында физика және лингвистика әлемінде көшбасшы бола алдыңыздар. Осындай жетістіктер қажырлы еңбектің, шыдамдылық пен қайсарлықтың, бірнеше жылдық жоғары дайындықтың нәтижесі екені анық. Болашақта сіздердің есімдеріңізді отандық ғылым әлемінде көретінімізге үміт артамыз. Сіздерге жаңа жетістіктер тілеймін! Сондай-ақ олимпиадаға қатысқан оқушылардың ұстаздарын, ата-аналарын және жаттықтырушыларын құттықтаймын. Жеңімпаздардың жоғары нәтижелерге қол жеткізуі сіздердің еңбектеріңіздің арқасы екені белгілі. Өз кезегінде, Білім және ғылым министрлігі оқушыларымыздың ғылым әлемін одан әрі бағындыруы мен өз рекордтарын жаңартуы үшін жағдай жасауды жалғастыратынын атап өткім келеді», – деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында.

источник
  • Поделиться:

Похожие темы

«Хумо» обыграл «Сарыарку» и сократил разрыв в серии плей-офф чемпионата Казахстана

  • 32
  • 11

Жанибек Алимханулы отреагировал на слова Хамзата Чимаева о Казахстане

  • 32
  • 12

Европейский клуб просматривает казахстанского футболиста с двумя голами в пяти матчах за сборную

  • 32
  • 10

Уверенной победой завершился матч «Кайрат» — «Жетысу»

  • 32
  • 9

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Борьба с клещами началась в Кызылординской области

  • 32
  • 1

Президент принял министра обороны

  • 32
  • 1

Автовладельцы жалуются на плохое состояние дорог в Актобе

  • 32
  • 1

«Астана» объявила состав на «Тур Фландрии»

  • 32
  • 1

Шавкат Рахмонов назвал имя следующего соперника в UFC

  • 32
  • 1

Маулен Ашимбаев встретился с Папой Римским

  • 32
  • 1