• USD

    - 469.26

  • EUR

    - 483.06

  • CNY

    - 69.99

  • RUB

    - 8.04

Алматыда тау шаңғысы курортының жанында қар көшкіні жүрді

Алматыда тау шаңғысы курортының жанында қар көшкіні жүрді

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,17 наурыз күні таңертең, қатты жауын-шашынға байланысты Қотырбұлақ өзені алқабының жоғарғы ағысында жалпы көлемі 30 мың текше метр қамтыған өздігінен қар көшкіні түсті. Қар көшкіні «Пионер» тау шаңғысы отбасылық курортының ғимаратына дейін жетті. Оқиға орнына Қазселденқорғау ММ Алматы пайдалану-техникалық басқармасының басшысы Самат Дауленқанов бапды. Оның айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ. «Айта кету керек, бұған дейін 15 наурызда «Қазселденқорғау» ММ АГЭТУ филиалы «Пионер» курорт әкімшілігіне көшкін қаупі және қажетті шаралар қабылдау туралы ұсыныс берген болатын. Жоғарыда аталған мамандардың ұсынысы бойынша арқанды жолдың жұмысы және шаңғы трассаларында сырғанау тоқтатылды. Абырой болғанда қайғылы жағдай болған жоқ»-деп хабарлады ведомствадан. Алматы өңірінде 165 қар жинайтын учаске бар, оның 18-і қауіпті. Жалпы көлемі 82,8 мың текше метр құраған 16 қар түсіру профилактикалық жұмыстары жүргізілді. Автожолдардың алдын ала жабылған учаскелерінде жалпы көлемі 300 мыңнан астам өздігінен түскен 100-ден астам қар көшкіні тіркелді. Қар көшкінін алдын-ала түсіру жұмыстары ұсынымдар бойынша және «Қазгидромет» РМК қар көшкіні станциялары мамандарының тікелей қатысуымен өтеді. Қар көшкінін профилактикалық түсіруді жүргізуге «РЖҚЖ» ММ, «Апаттық медицина орталығы» ММ, ТЖД және ПД мамандары қатысады. Сонымен қатар, мамандар Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде 19-24 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертеді. Таулы аймақтарда туындайтын қар көшкіні - қайталану және қирату әсері бойынша аса қауіпті табиғи құбылыстардың бірі. Қар көшкіні үлкен деструктивті күшке ие, оның максималды жылдамдығы сағатына 80 км-ге дейін жетеді. Қар көшкіні кезіндегі қар массасының көлемі бірнеше миллион текше метр болады.

источник
  • Поделиться:

Похожие темы

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня