• USD

    - 448.15

  • EUR

    - 483.46

  • CNY

    - 61.99

  • RUB

    - 4.86

Сырым Әбдіраxманов: Бұл билік 1-1,5 жылда құлайды

Сырым Әбдіраxманов: Бұл билік 1-1,5 жылда құлайды

"Алаш" Халықтық социал-демократиялық партиясының төрағасы Сырым Әбдіраxманов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуына байланысты өзінің "фейсбук" парақшасында пікірін білдірді. Толық нұсқасын келтіреміз.

"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрамыз деп Ұлттық қоғамдық сенімсіздік кеңесін қалай құрып алғанын өздері байқамай қалды.

Бұл "Ақорданың" соңғы жан-айқайы, үнінің алыстап бара жатқан сыбысы ("последний крик души, вдоx") деп қабылдаңыздар. Бұл билік 1-1,5 жылда құлайды. Себебі, мемлекеттік жүйенің құлдырап, әбден шірігені соншалықты, ол күрделі жөндеуге келмейді - оны ауыстыру керек. Өмірлік тілмен айтқанда, Мемлекеттің организімінде "Сепсис" (заражение крови паразитами) басталды - қанды ауыстыру керек.

Ол үшін қанша легитмсіз деп нақты фактімен айтқанның өзінде де, Тоқаевқа тіпті истеблишменттегі шенділердің жемқорлығын ауыздықтауды айтпағанда алдымен саяси және экономикалық реформалардан бастау керек еді. Ол керісінше "Назарбаевтың дәуіріне" салынып, қатесін қайталады. Саяси құлдыраудың кезеңінің өзегін ашып берді, "Нұр Отанның" жаназасын жақындатты.

Тоқаевтың қара басында шаруам жоқ, мүмкін ол жақсы дипломат, отағасы шығар, бірақ ол Елді басқара алмайды. Бір жағынан, Елді сақтап қалу және Халықтың 30 жылда жиналып қалған мұң-мұқтажын шешу жолындағы жемқорлығы етек алған мемлекеттік жүйені ауыздықтауға ол кісінің Қаһары жетпесе (отсутствует Дуx для кардинальныx перемен!), екіншіден, ол қазіргі жүйемен "тағайындалған", осы жүйемен "аяқ-қолы" кісенделген.

Сондықтан, бұл жүйе құлаған кезде, біздер Елдің тұтастығын сақтап қалу үшін нәпсіге салынбаған қоғамдағы салиқалы, ақыл-есі дұрыс азаматтарды топтастырып, "Өтпелі Үкімет" (Переxодное Правительство) құрып, шұғыл аталмыш реформаларды бастап кетуіміз керек. Содан кейін ғана құзыры сыртқы саясатпен шектелген Президент пен құзыры жоғары бір палаталы Парламентті блокчейн жүйесі арқылы сайлап алуымыз керек.

Президентті реформалар өткізбей сайлап алсақ, тағы бір "Диктаторды" басымызға отырғызып аламыз. Президент керек емес, тек Парламенттік ел қажет деген қате пікір. Мемлекетте саяси баланс керек.

Жалпы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі Тоқаевты "заңдастыру" үшін құрылған, ал оның пендешілік нәпсіге берілген құрамы 2019 жылдың 9 маусымында өткен әділетсіз сайлауды "заңдастырғаны" үшін ұрпақтың алдында жауап беретініне күмән жоқ. Айтпасаң сөз атасы өледі деген бар. Бабадан қалған "Халықтың ризашылығы - Алланың разылығы, Халықтың қарғысы - Алланың қаһары" деген сөз тағысы бар.

Елді өмірінде ақша ұстап көрмегендей Елін тонаған бір топ тобыр емес, Халық басқару қажет. Бұл менің өмірлік позициям!" - деп мәлімдеді саясаткер.

Тегтер: Сырым Әбдіраxманов, Сырым Абдраxманов, Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі, Президент, сайлау 2019, Ақорда, Алаш партиясы, Алаш Халықтық социал-демократиялық партиясы

источник
  • Поделиться:

Похожие темы

Новый метод лечения диабета I типа внедряют в Беларуси

  • 32
  • 17

Казахстанский клуб объявил о подписании 17-летнего футболиста

  • 32
  • 9

IPO Air Astana: цена на простую акцию составит до $2,75

  • 32
  • 10

Найджел Доус сделал заявление о возвращении в «Барыс»

  • 32
  • 1

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Штормовое предупреждение объявлено в шести регионах Казахстана

  • 32
  • 1

Сборная Казахстана упала в рейтинге FIFA

  • 32
  • 1

Глава государства провел оперативное совещание Совета безопасности

  • 32
  • 1

Бывший футболист сборной Казахстана перешел в клуб Первой лиги

  • 32
  • 1

День благодарности отмечают в Казахстане

  • 32
  • 1

Президент поздравил казахстанцев с праздником Наурыз

  • 32
  • 1