• USD

    - 444.32

  • EUR

    - 473.33

  • CNY

    - 61.31

  • RUB

    - 4.76

Халық Құрылтайының «Ақордаға» Даты

 Халық Құрылтайының «Ақордаға» Даты

Халық Құрылтайының «Ақордаға» Даты
(Қарар - Резолюция)

Біз, 2019 жылдың 30 тамызында Астананың «Тәңір» қонақ үйінде өткен Халық Құрылтайына қатысушы азаматтар, Қазақстанның бүгінгі саяси, экономикалық және әлеуметтік ахуалына алаңдаушылық таныта отырып, «Ақордаға» келесі Дат айтамыз.

Ел тағдыры қыл үстінде! Қазақ Еліндегі орын алған соңғы ахуал тебірентпей қоймайды. Егер жалғасын тапса, жақын 5-7 жылдықта Ел үлкен қасіретке ұшырап, мемлекеттігімізден айырылардай жағдайға жетуіміз әбден ықтимал. «Елу жылда Ел жаңа» демекші, бүгін ат үстіндегілердің қарны тоқ болғанмен, бұл дүниеден озғасын, ертең Ұрпақ қиналады. Бабадан аманатпен мұра болып қалған қасиетті жерімізден айырылып, Ұлт жойылады деген сөз. Сондықтан Қарар (Резолюция) қабылдай отырып, келесіні мәлімдейміз.

Қытай тарапынан Қазақстанның экономикалық экспансиясы тоқтатылсын!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласына сапары кезінде «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында Қытай Қазақстанда $26,2 млрд соммаға қайтарымды инвестициясымен 51 кәсіпорын ашатындығын мәлімдеді. Ал, елімізге соңғы ресми сапарымен келген ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөзде Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдан 51 кәсіпорынды Қазақстанға көшіру туралы уағдаластығын растады.

2019 жылдың 15 мамырында Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚХР мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Хань Чжэнмен кездесуінде $27 млрд соммаға Қытайдың 55 ірі жобасы іске асатындығын, соның ішінде 2015-2018 ж.ж. аралығында $3,8 млрд соммаға 12 жобаның іске асқандығын, биылғы 2019 жылы $310 млн. соммаға 5 ірі жоба құрылысының қарқынды жүріп жатқандығын және $18,1 млрд соммаға қалған жобалардың дайындығын мәлімдеді.

Инвестиция – тегін ақша емес, ол қарыз!

«Ақорда» Қазақ Елінің экономикасын «менделеев кестесіндегі» 99 элементі бар қазба байлығымыздан түскен қаражат арқылы көтерудің орнына жеңіл жол таңдап, Қытайдан өндірісі тиімсіз, әрі геосаяси тұрғыда мемлекетке қауыпты сыртқы қарызды өсіруде.

Қазақстанның 2019 жылдың 1 сәуіріне шаққандағы сыртқы қарызы $157,6 млрд болса, ҚХР инвестициясымен қоса $184,6 млрд-қа өсіп, Қазақстанның Қытай мемлекетінің алдындағы жалпы қарызы $38 млрд болмақ! Бұл шамамен Қазақстанның 2 жылдық бюджетіне тең! 1,5 млрд халқымен әлемді экономикалық тұрғыда жаулайтын саяси конъюктурасының амбициясы бар көршілес Қытайдың Қазақстан үшін қауыпының жоғары екенін ескерген жөн!

Мысалы, 2015 жылы Шри-Ланки үкіметі Қытайдың алдындағы қарызының кішкене ғана бөлігін өтеу үшін «Хамбантоне» портын 99 жылға жалға беруге тура келді.

Былтырғы жылы Тәжікістан «Душанбе-2» жылу электростанциясын модернизациялауға алған қарызын өтей алмай, Согдий облысындағы «Жоғарғы Кумарг» атты алтын өндіру кешенін Қытайдың еншісіне берді. Сонымен бірге, Тәжікістанда «Тарор», «Джилау», «Чоре» алтын өндіру кешендері Қытай тарапымен игерілуде.

Қытай несиелерін көтере алмай, Пәкістан елі де Халықаралық валюталық қорға жүгіну үстінде.

«Бір белдеу – бір жол» жобалары аясында Қытай несиелерінен басқа да мемлекеттер бас тартуда. Соның ішінде, Малайзияның жаңа басшылығы, жемқорлықпен ұсталған премьер Наджиб Разактың үкіметтің тізгінінен кеткеннен кейін, Қытайдың $20 млрд соммасына жоспарланған темір жол торабын модернизациялауды шілде айында тоқтатты.

Непал да өз елінде Қытайдың несиесіне салуды жоспарлаған ГЭС жобасының құрылысын тоқтатты. Әлемдегі Қытайдың несие беру арқылы экономикалық экспансиясы турасында әлі де сағаттап айтуға болады!

Қазақстанға келер болсақ, Елде жоспарланған 55 зауыттан басқа 1083 Қытайдың қатысуымен кәсіпорындар жұмыс істейді.

Олардың мұнай мен газ саласындағы «Маңғыстаумұнайгаз», «Ақтөбемұнайгаз», Жаңажол, Павлодар, Шымкент мұнай өңдіру зауыттарында үлесі 47%-дан 98%-ға дейін жететін мемлекеттің стратегиялық және тағы да басқа объектілерінде орын алуы, Қазақстаннның мемлекеттігіне аса қауыпты!

Сондықтан, жағдай әбден ушықпай тұрғанда мемлекет тиісті шұғыл шаралар алу міндет! Норвегия соңғы 25 жылда тек бір ғана мұнайдың есебінен «Мемлекеттік қорының» көлемін $1 трлн соммаға ұлғайтса, 30 жылда Қазақстан «Менделеев кестесіндегі» барлық 99 элементі қазба байлығын есептегенде $157,6 млрд-қа сыртқы қарызын ұлғайтқаны адамның сау басына қонымсыз! Бұның бір ғана жауабы бар. «Ақорданың» Қазақстанды және өз халқын тығырыққа тірегені соншалықты, тиісті реформаларды бастамай, Қазақ Елінің болашағы жоқ!

Саяси жүйелік реформалар – бүгінгі күннің талабы!

Қазақстан парламенттік-президенттік басқару жүйесіне көшуі тиіс. Бір палаталы Парламентпен сайланатын Премьер-Министр Елдің ішкі ахуалына жауапты болса, Президенттің құзыреті сыртқы саясатпен ғана шектелуі тиіс. Сонымен қатар, Жоғарғы соттың төрағасы, Бас прокурор, Қорғаныс және Ішкі істер министрлері, Ұлттық қауыпсыздік комитетінің төрағасы, Сингапур әдісімен жаңадан құрылатын Жемқорлықты тергеп-тексеру комитетінің басшысы Парламентке бағынуы тиіс.

- «Саяси партиялар туралы» заңға партияның Ұйымдастыру комитетін тіркеу үшін 50 адам және партияның өзін тіркеу үшін 5 мың қол жинау турасында өзгерістер енгізу.

- Парламентке және мәслихаттарға партиялар мен бір мандаттық округтер бойынша 50/50 мажоритарлық сайлау жүйесін енгізу.

- Сайлауды блокчейн электрондық жүйесі арқылы өткізу.

- Сайлаудағы байқаушылардың құзырын кеңейтетін жаңа заң қабылдау.

- Сайлау алды барлық саяси тұтқындарды босату және түрлі саяси жазаға тартылғандарды ақтау. Олардың сайлауға түсу мүмкіндігі шектелмеуі тиіс.

2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін жер дауына нүкте қойылуы тиіс!

- Конституцияға өзгерістер енгізіліп, жер мемлекеттікі емес, Халықтыкі болып танылу керек.

- Жарияланған мораторийдің орнына жаңа Жер кодексін қабылдап, ауылшаруашылық жерлерлерді шетелдіктерге, азаматтығы жоқ және Қазақстан азаматтарына сатуға тыйым салу.

- Жерді тек Қазақстан азаматтарына жалға беру.

- Шабындық және жайылым жерлерді мемлекетке қайтару.

- 3 жылдан астам игерілмеген жерді мемлекетке қайтару.

- Мемлекеттік жер комиссиясын құрып, басқа да мемлекеттің мүддесін қорғайтын Халық ұсыныстарын қабылдау.

«Ақорда» батыр аналарды көмекке жүгінушілер ретінде емес, Ұлттық генофондты қалыптастырушы ретінде қарауы тиіс!

«Елі мен жерін жаулап алғың келсе, әйелдерін балағатта, бүлдір, мүддесін түсір. Кейін олар тексіздерді туады, дүниеге жауынгерлерді алып келе алмайды» деген Шығыс ойшылдарының нақыл сөзі бар. Сондықтан, көп балалы және жалғыз асыраушысы қаза болған аналардың барлығын тегін баспанамен қамтамасыз етіп, Адрестік әлеуметтік көмектің орнына әр туылған балаға ең төмеңгі жалақы, яғни 42 500 тенге көлемінде жәрдемақы тағайындалсын! Көп балалы аналардың зейнет жасы 50-ге дейін, әйелдердің зейнет жасы 55-ке дейін төмендетілсін!

Егер, Халықтың Даты (Қарар – Резолюция) орындалмаса, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы, Қауыпсыздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымдарын босатсын!

источник
  • Поделиться:

Похожие темы

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Борьба с клещами началась в Кызылординской области

  • 32
  • 1

Президент принял министра обороны

  • 32
  • 1

Автовладельцы жалуются на плохое состояние дорог в Актобе

  • 32
  • 1

Вредят репродуктивному здоровью. Каких продуктов следует избегать мужчинам

  • 32
  • 1

Сезон активности клещей: меры предосторожности и советы медиков

  • 32
  • 1

Кабинет казахской культуры открыли в университете им. Григола Робакидзе в Тбилиси

  • 32
  • 1