• USD

    - 482.86

  • EUR

    - 533.17

  • CNY

    - 68.81

  • RUB

    - 5.08

ЕАЭО ішіндегі саудада кедергіні қай мемлекет көп қойып жатыр

ЕАЭО ішіндегі саудада кедергіні қай мемлекет көп қойып жатыр

Естеріңізде болса, таяуда ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында осы мәселені қаузаған болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, өзара саудадағы кедергілердің жойылмайтын түрі бар. Әсіресе, локдаун кезінде кедергілердің саны тіпті артып кеткен. Бұл шектеулер сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамуын тежеп, экономикалық одақтың өсімі мен әлеуетін шектейді. 

«Экономикалық одаққа мүше басқа да мемлекеттер секілді Қазақстан нарыққа қатысушылардың бәріне тең және дискриминациядан тыс жағдай жасалуы керек деп есептейді. Комиссияның кедергілермен күресі таусылмайтын сипатқа ие болып барады. Бұл күрестің бірақ тиімділігі бар деп те айта алмайсың. Ол күрес – ұлттық деңгейде қабылданған шешімдердің салдарына қарсы жүріп жатыр»,– деп атап өткен еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әлбетте, жекелеген жағдайларда уақытша шараларға түсіністікпен қарауға болады. Алайда бұл шектеулер Қазақстанның мүддесіне қарсы қолданылмауы керек. Президенттің позициясы осы. Алайда айтып ауыз жиғанша қазақстандық кәсіпкерлердің жаңа кедергілерге тап болып жататыны өкінішті. Мәселен, осыдан бір апта бұрын ғана ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі Руслан Бекетаевпен кездесу өткізген отандық кәсіпкерлер шот-фактура, Ресей енгізген демпингке қарсы баж мәселесін көтерген еді. 

Қазақстандық тараптың өкілдері енген Еуразиялық экономикалық комиссия мұндайда қайда қарап отыр? Ондағы қазақстандық өкілдер еліміздің мүддесін неге қорғамайды? Біз осы сұрақты бүгін Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашевке қойып көргенбіз.

«Мен халықаралық ұйымда жұмыс істеймін» деп, одақтың ортақ мүддесі тұрғысынан сөйлегісі келген ол проблеманы былай түсіндіреді.

«Техникалық кедергілерді жою жүйесінің өзінің қыр-сыры бар. Ең алдымен сол техникалық кедергі шыққан мемлекет оны солай деп тануы керек. Мәселен, бір мемлекетте кедергі шықса, бірақ ол мойындамаса, ал қалған 4 мемлекеттің позициясы ортақ болса, әлбетте, Үкімет басшыларының орынбасары деңгейінде тиісті шешім қабылданады. Тарап келіспей, әлбетте, бұл шешімге вето қоюы мүмкін. Көп жағдайда кедергі шыққан тарап әрине, сол шешіммен келіседі», – деді Тимур Нұрашев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, техникалық реттеу саласында нақты сипаттағы және ұзақ мерзімді екі мәселе бар. 

«Біз ойынның ортақ ережесін неғұрлым жылдам қабылдасақ, соғұрлым кедергілер де аз болады. Мәселен, құрылыс материалдарын алып қарайық. Бүгінгі таңда экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде құрылыс материалдарына қойылатын ортақ талаптар жоқ. Мәселен, жиһаз немесе көйлекке екінші тарап басқа да талап қоя алмайды. Ал құрылыс материалдары тек ұлттық реттеу тетіктерімен сатылып жатыр. Яғни экономикалық одаққа мүше елдердің қай-қайсысы өздігімен құрылыс материалдарына ұлттық талаптарын қоя алады. Осы себепті құрылыс материалдарының бүкіл спектрін бірыңғай талаптарды қою мәселесін пысықтап жатырмыз», дейді ол.

Тимур Нұрашев қазір ортақ регламенттің жобасы жасалып жатқанын айтады. Жасап жатқан ел – Ресей. 

«Әрбір елдің климаты да әртүрлі. Құрылыс материалдарына ортақ талаптарды қою мәселесінде ортақ шешімге келу өте қиынға айналды. Сондықтан ол бойынша жеке жұмыс жүргізуді ойластырдық», – деді ол.

Жүйелі проблеманың сипаты осы. Ал нақты мәселелер әртүрлі елде болып жатады.

«Кейбір елдер заңнамасына сүйеніп, кіргізілген, техникалық регламенті бар тауарларға қосымша талаптарды қояды. Әрине, комиссия мұндайға бірден жауап береді. Біз мемлекеттерге бірден хат жолдап, позицияларын біліп, туындаған мәселе «кедергі» ретінде танылса, хабарландыру тәртібінде сол елге жолдаймыз», деді ол.

Кедергілер көп кездесетін мемлекет – Ресей екенін спикер айтып та өтті. Оның себебі де белгілі деп отыр. Солтүстіктегі көршіміздің нарығы үлкен. Әйтсе де мұндай кедергілер экономикалық одақтағы басқа мемлекеттер тарапынан да шығып жататын көрінеді.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз !  

источник
  • Поделиться:

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Без осадков будет в Казахстане в ближайшие три дня

  • 1

День семьи отмечают в Казахстане

  • 1

«Барыс» объявил состав на матч КХЛ с «Ак Барсом»

  • 1

«Барыс» представил анонс домашнего матча КХЛ против московского «Динамо»

  • 1

Похолодание ожидается в Казахстане

  • 1

Видеообзор матча Премьер-Лиги «Кайсар» — «Астана» 0:1

  • 1