• USD

    - 503.35

  • EUR

    - 590.63

  • CNY

    - 72.28

  • RUB

    - 6.62

424 маскүнем, 99 нашақор, 498 қолайсыз отбасы анықталды

424 маскүнем, 99 нашақор, 498 қолайсыз отбасы анықталды

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

«Ішкі істер министрлігі 9 маусымнан бастап «Тұрмыс» республикалық профилактикалық іс-шарасын бастады. Ол отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың жолын кесуге және оларға қарсы тұруға бағытталған. Профилактикалық іс-шараға 7 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылып, мемлекеттік органдар мен қалың көпшілік тартылды», – деді Нұрділдә Ораз. 

Ресми өкілдің айтуынша, 5 күн ішінде есепте тұрған 30 мыңнан астам азаматқа тұрғылықты жерінде құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Бұдан бөлек құқық бұзушылық жасауға бейім 5 мың адам, оның ішінде 424 маскүнем, 99 нашақор және 498 қолайсыз отбасы анықталып, есепке алынды.

«Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 5 мыңнан астам хабарлама мен тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісіне қатысты шағым тіркелді. Нәтижесінде 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылып, бір қылмыстық іс есепке алынды», – деді ресми өкіл. 

Қанат Махамбет 
 

источник
  • Поделиться:

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Геннадий Головкин обратился к казахстанцам

  • 1

Клуб РПЛ объявил о матче с «Кайратом»

  • 1

Какая икра полезнее — красная или черная?

  • 1

Шавкату Рахмонову «одобрили» бой за титул UFC

  • 1

วิธีดูผลบอลสดใน BK8 2026 เช็คสกอร์ไว พร้อมดูถ่ายทอดสดฟรี

  • 1

แทงบอลสด BK8 2026 คู่มือราคาไหล ดูบอลสด & เทคนิคทำกำไร

  • 1