• USD

    - 444.22

  • EUR

    - 476.38

  • CNY

    - 61.31

  • RUB

    - 4.82

АҚШ-тың арнайы өкілі Қазақстанда америкалық әскери базаны орналастыру мүмкіндігі туралы айтты

АҚШ-тың арнайы өкілі Қазақстанда америкалық әскери базаны орналастыру мүмкіндігі туралы айтты

АҚШ-тың Ауғанстандағы бейбітшілік пен келісім бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад 13 маусым күнгі брифинг кезінде Қазақстанға сапарының мақсаты туралы айтты. Қазақстандағы АҚШ елшілігінің мәліметінше, елші Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларымен "Ауғанстандағы жағдайды бейбіт реттеу, АҚШ әскерін Ауғанстаннан әкету және аймақтағы қарым-қатынас, сауда және ынтымақтастықтың болашағы мәселелерін" талқылайды. — Қазақстанмен қарым-қатынасты бағалаймыз. Қауіпсіздік саласында тығыз қарым-қатынас орнатып келеміз. Екі ел де осы мәселеге алаңдайды. Біз сонымен бірге саяси деңгейде, адам құқығы саласында да тығыз әріптестік орнаттық. Президенттің адам құқығы туралы мәлімдемесін жылы қабылдадық және президент тапсырмасының орындалғанын көргіміз келеді. Біз сонымен бірге тығыз экономикалық қарым-қатынас та орнаттық. Энергетика секторындағы компанияларымыз Қазақстанның экономикалық дамуына белсенді түрде үлес қосып жатыр, – деді Залмай Халилзад. Елшінің сөзіне қарағанда, "АҚШ Орталық Азия елдерінің егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға талпынады, олардың территориялық тұтастығын қолдайды және Ауғанстанда бейбітшілік пен келісім орнату мәселесі бойынша сенімді әрі мықты әріптес болғысы келеді". Оның айтуынша, бұл мәселені бірігіп күш салу арқылы шешуге болады.   — Қазақстан мен АҚШ-тың аймақ қауіпсіздігі мәселесімен бірігіп айналысқаны маңызды. Ауған халқының 40 жыл бойғы соғыс азабын ескерсек, бейбітшілікке қол жеткізу бойынша жұмыс істеген ләзім. Қазақстанның бітімгер ел ретінде репутациясы бар, – деді Халилзад.  Қазақстанның Ауғанстандағы бейбітшілік пен келісімді орнатуға қосқан үлесіне тоқталған елші "Қазақстан Ауғанстанда адам құқығы, әйел құқығының сақталуына мүдделілік танытып отыр" деді.  — Қазақстан Ауғанстан азаматтарының білім алғанын қалайды және ауған студенттерінің білім алуы үшін едәуір грант бөлген (Қазақстан жыл сайын ауған студенттерінің оқуы үшін ондаған миллион доллар қаражат бөледі, 2019 жылдан бастап Қазақстанда ауған әйелдерінің білім алуы бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр). Қазақстан сонымен бірге елдің дамуына да көмек берді, атап айтқанда Ауғанстандағы темір жолдың бір бөлігін салып беруге әзір екенін білдірді, азық-түлік ретінде гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етті. Бұған қоса, әрине, терроризммен күрес мәселесі де бар. Менің ойымша, осы салалардың барлығында әсіресе, даму, аймақтағы ынтымақтастық және терроризммен күрес бойынша бірге көп шаруа атқара аламыз деп санаймыз, – деді Халилзад.  15 сәуірде америкалық New York Times басылымы АҚШ-тың ресми тұлғалары Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан билігіне шығып, аймақта база орнату мәселесін талқылады деп жазған. Орталық Азияда әскери база орнату мәселесі туралы сұраған Азаттық тілшісінің сұрағына спикер "АҚШ Ауғанстаннан әскерін алып кеткеннен кейін ол жақтағы бейбітшіліктің сақталуына үлес қосу үшін аймақтағы және аймақтан тыс өзге елдермен осы бағытта бірігіп жұмыс істеу стратегиясын талқылап жатыр" деді.  — Қазір талқылау жүріп жатыр. Талқылау оң, үміт берерлік сипатта болды деп айта аламын. Бірақ бұл жерге мен нақты бір елдермен нақты бір әскери қадам туралы келісімге келдік деп айту үшін келген жоқпын. Бірақ ауқымды түрде талқылау жүріп жатыр, — деді ол.  АҚШ Ауғанстаннан әскерін әкеткеннен кейінгі жағдайға тоқталған Халилзад "АҚШ әскері кеткенмен Америка кетпейді" деп мәлімдеді. Оның пікірінше, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырудың ең қолайлы тәсілі – қақтығысты әскери жолмен емес, саяси жолмен реттеу. — ДАЙЫШ (Қазақстан аумағында террористік ұйым болып танылған) аймаққа зор қауіп төндіріп отыр. "Талибан" қозғалысы ДАЙЫШ-пен соғысады, олар өзара қарсылас. ДАЙЫШ-пен күресіп жатқан ауған үкіметі ДАЙЫШ-ты қатер деп біледі. Егер "Талибан" мен ауған үкіметі ДАЙЫШ-пен бірігіп күрессе, Ауғанстан күштірек болар еді. Қазіргідей бұлыңғыр кезеңде ынтымақтықты арттыруға, оның ішінде Қазақстанмен де әріптестікті арттыруға күш саламыз, – деді Залмай Халилзад. Ол Қазақстан мен аймақтағы өзге елдер "экстремизм мен терроризм мәселелерін бірге шешіп, оның алдын алуға дайын болуы тиіс" деді.   Елші Залмай Халилзад 2018 жылы 21 қыркүйекте АҚШ-тың Ауғанстандағы бейбітшілік пен келісім бойынша арнайы өкілі болып тағайындалған. 2007-2009 жылдары – АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі, 2005-2007 жылдары АҚШ-тың Ирактағы елшісі болған. 2003-2005 жылдары АҚШ-тың Ауғанстандағы елшісі қызметін атқарған.

источник azattyq.org
  • Поделиться:

Похожие темы

Врач объяснила феномен метеозависимости

  • 32
  • 6

«Увеличивает риск заражения сальмонеллой». Эти продукты мыть запрещено

  • 32
  • 6

Уролог назвала орган, который страдает от давления раньше сердца

  • 32
  • 7

«Рекорд по дороге в поезде у меня вышел 34 часа». Белорусский защитник рассказал о путешествиях в Казахстане

  • 32
  • 6

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Борьба с клещами началась в Кызылординской области

  • 32
  • 1

Президент принял министра обороны

  • 32
  • 1

Автовладельцы жалуются на плохое состояние дорог в Актобе

  • 32
  • 1

«Астана» объявила состав на «Тур Фландрии»

  • 32
  • 1

Шавкат Рахмонов назвал имя следующего соперника в UFC

  • 32
  • 1

Маулен Ашимбаев встретился с Папой Римским

  • 32
  • 1