• USD

    - 444.32

  • EUR

    - 473.33

  • CNY

    - 61.31

  • RUB

    - 4.76

"Семіздікке алып келеді". Дәрігер кешкі ас ішпейтіндерге қандай қауіп барын айтты

"Семіздікке алып келеді". Дәрігер кешкі ас ішпейтіндерге қандай қауіп барын айтты

Көбі кешкі уақытта тамақтану организмдегі зат алмасу процесін бұзады деп санайды. Алайда кешкі ас ішпейтіндер өттің қабынуына, семіздікке және ұйқысыздыққа жиі ұшырайды екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне гастроэнтеролог, терапевт Лаура Кемелбек айтып берді. Дәрігердің айтуынша, уақтылы тамақтанбау метаболизм қызметін бұзады да, түрлі аурулардың пайда болуына себепші болады. "Әдеттегідей көбі салмақ тастаймын деп кешкі уақытта тамақтанбауды жөн көреді. Бұл ең қате пікір. Бірінші кезекте, аш қарынға ұйықтау өте зиян. Себебі салдарынан ұйқысыздық болуы мүмкін. Сондықтан да кешкі уақытта барынша пайдалы тағам жеу керек. Бастысы - аш жатпау қажет. Себебі асқазан-ішек жолы аурулары асқынып кетуі әбден мүмкін. Әсіресе, организмде қышқыл нормадан жоғары болса, кешкі уақытта тамақтанбау асқазан-ішек жолы созылмалы ауруларына апарады. Әрине, аш жатпау керек деген жатар кезде майлы тағамдар жеу керек деген сөз емес. Айран мен ірімшік жеткілікті", - дейді дәрігер. Гастроэнтеролог бірнеше сағат бойы тамақтанбаудың салдарынан метаболизм төмендеп, калорий көбейіп, артық салмақ қосылатынын ескертеді. Сондай-ақ, дәрігер түскі астан кейін тамақтанбау салдарынан өт қабынып, өтте тас пайда болатынын айтады. "Салмақ тастаймын деп кешкі ас ішпейтіндер керісінше семіздікке жиі ұшырайды. Ол адамдарда, әсіресе, әйелдерде өт тасының түзілуінің қаупі жоғары болады. Семіздік өттегі холестерин деңгейінің артуына ықпал етеді, бұл тастардың пайда болуына әкеледі. Сондықтан да уақтылы тамақтанып, кешкі астан бас тартуға болмайды", - деп кеңес береді дәрігер. Елімізде 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында семіздік белең алып барады Еске салайық, дәрігер мұның алдында таңғы ас ішпейтіндерге қандай қауіп барын айтып берген еді. Дәрігер таңертең міндетті түрде өт қабының жұмысын ретке келтіріп, барынша пайдалы тағам жеу керегін айтқан болатын. Маманның айтуынша, таңертең ағза қажет энергияны алмағандықтан, күні бойы барлық минерал мен дәруменді "жеп қояды да", әлсіздік пайда болады екен. 

источник tengrinews.kz
  • Поделиться:

Похожие темы

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Борьба с клещами началась в Кызылординской области

  • 32
  • 1

Президент принял министра обороны

  • 32
  • 1

Автовладельцы жалуются на плохое состояние дорог в Актобе

  • 32
  • 1

«Астана» объявила состав на «Тур Фландрии»

  • 32
  • 1

Маулен Ашимбаев встретился с Папой Римским

  • 32
  • 1

Казахстанский гимнаст стал победителем этапа Кубка мира

  • 32
  • 1