• USD

    - 449.58

  • EUR

    - 486.94

  • CNY

    - 62.22

  • RUB

    - 4.86

"Патша оралды!". Макгрегордың жеңісі жайлы UFC әлемі не деп жатыр

"Патша оралды!". Макгрегордың жеңісі жайлы UFC әлемі не деп жатыр

Кеше АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде ирландиялық Конор Макгрегор америкалық Дональд Серронемен кездесіп, 40 секундта жеңіске жеткен еді. Бірі Макгрегордың жеңісін "ғажайып" деп бағаласа, басқаларына файтер таңдаған қарсылас ұнамаған. Tengrinews.kz тілшісі Макгрегор - Серроне жекпе-жегі жайлы UFC әлемі қандай пікірлер айтып жатқанына шолу жасады. "Мен оралдым! Патша оралды!" 31 жастағы ирландиялық Конор Макгрегор октагонға 1,5 жыл үзілістен кейін оралған. Сондықтан UFC-дегі басты шоуменнің жекпе-жегін тағатсыздана күткендер көп болды. "Мен оралдым! Патша оралды! Тарихты қайта жазғаным үшін қуаныштымын. Өз қалпыма толық келдім деп айта алмаймын, бірақ соған жақынмын", - деді Макгрегор кездесуден кейін. Бұл жекпе-жектен соң Макгрегор 3 миллион еуро көлемінде гонорар алған болатын. Енді Конор бұл жеңісінен кейін ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен реванш өткізуді қалап отыр. "Конор мені таңғалдыра алды ма? 100 пайыз" Ал 40 секундта жеңіліп қалған америкалық Дональд Серроне де нәтижеден қаймыға қоймаған. Ол Макгрегордың күтпеген тактика қолданғанын айтты. "Конор мені таңғалдыра алды ма? 100 пайыз. Оның мұндай болғанын ешқашан көрген жоқпын. Өте жылдам болды. Қалай болғанда да, мен бұл спортты жақсы көремін. Жанымда отбасым бар, бәрі ойдағыдай", - деді Серроне. 36 жастағы америкалық файтер бұл жеңілістен кейін карьерасын аяқтауды ойға алмағанын айтты. "100 миллион еуро беріңіздер" Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі Абдулманап Нурмагомедов бұған дейін Макгрегордың Серронені бір минутта жеңетінін айтқан еді. Кездесуден кейін ол Конордың қарсылас таңдауын сынға алды. "Серроне - мықты файтерлердің қарсыласы ма? Оны үміткерлік жекпе-жектерде бәрі соққының астына алған. Оны кім жеңбеді? Мұнда жаңа не бар?", - деді Хабибтің әкесі әрі бапкері. Ал бәрі қалап отырған Хабиб - Конор реваншы жайлы Абдулманап Нурмагомедов мынадай пікірде: "Жасыратыны жоқ, бізге де бұл реванш керек. Бірақ 100 миллион еуро беріңіздер. Фергюсонмен өтетін жекпе-жектің ертесі күні осы ақшаны дайындаңыздар. Неге реванш ұйымдастырмасқа?". "Макгрегор адам сенгісіз өнер көрсетті" UFC президенті Дана Уайттың пікірінше, Макгрегор бұл жекпе-жекте адам сенгісіздей өнер көрсеткен. "Макгрегор адам сенгісіз өнер көрсетті. Жартылай орта салмақта алдағы жоспарлар туралы ойланамыз. Сыншылар қашан да көп, түрлі пікір қашан да бар", - деді Уайт жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында. © Reuters Сондай-ақ ұйым басшысы Серронені Макгрегор үшін әлсіз қарсылас дегендердің пікірін ақымақтық деп санайтынын айтты. "Конор жылдам болды, ауыр соққылар жасады, жекпе-жекке жоспар құрып, жеңіске жетті", - деді Дана Уайт. "Бұл нағыз фейк" UFC-дің америкалық файтері Нейт Диаз кездесуде спортқа тән мінез болмағанын айтып, ұйымдастырушыларды сынап тастады. "Серроне әлсіз. Халатпен шыққаны қай сасқаны? Бұл нағыз фейк", - деп жазды Диаз Twitter парақшасында. This shits alll fake — Nathan Diaz (@NateDiaz209) January 19, 2020 Бұл сөз арқылы Диаз кездесудің алдын ала келісілуі де мүмкін екенін де тұспалдады. Жалпы, Нейт Диаз Конор Макгрегормен жақсы таныс: файтерлер бұған дейін екі рет кездескен. Өзара жекпе-жекте екі файтерде бір-бір жеңістен бар. "UFC үшін ең дұрыс нұсқа" 2018 жылдан бері UFC-де өнер көрсететін Бен Аскренге, керісінше, жекпе-жек ұнаған. Америкалық файтер енді Макгрегорға кіммен кездесу керек екенін де ұсынды. "UFC-ден тамаша матчмейкинг. Конор ғажайып көрінді. Енді Конор - Масвидаль! Бұл UFC үшін ең дұрыс нұсқа!", - деп жазды Аскрен. "Қорқақтың ісі" Бұл кездесуден кейін Конормен жекпе-жек өткізуді қалағандар да бар. Солардың бірі - америкалық Джастин Гэтжи. UFC файтері Макгрегорды мақтап, оны жекпе-жекке шақырған. "Бұл жігіт мықты. Бірақ мұндай жекпе-жекті қабылдау - қорқақтың ісі. Менің есімімді ата, Конор", - деді Гэтжи. Джастин Гэтжи соңғы жекпе-жегінде Макгрегордың кешегі қарсыласы Дональд Серронені бірінші раундта жеңген болатын. Мейвезер реванш бола ма? Макгрегор - Серроне жекпе-жегі аяқталған соң америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер ирландиялық файтермен реванш өткізетінін тұспалды. Макгрегордың жеңісінен кейін Флойд Instagram желісіндегі парақшасында "Мейвезер - Макгрегор 2, 2020" деген жазбамен афиша жариялаған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Floyd Mayweather (@floydmayweather) 18 Янв 2020 в 10:19 PST Бұған дейін Мейвезер UFC президенті Дана Уайтпен бір келісімге келгені жазылған еді. Оның үстіне боксшы жариялаған афишада UFC логотипі бар. Сондықтан Мейвезер - Макгрегор реваншы ММА ережесі бойынша өтуі мүмкін деген болжам айтылды.

источник tengrinews.kz
  • Поделиться:

Похожие темы

Непобежденного боксера брутально нокаутировали в первом раунде боя за титул в весе Алимханулы. Видео

  • 32
  • 8

Олег Болякин прокомментировал пятое подряд поражение «Барыса» в КХЛ

  • 32
  • 7

В «Барысе» ответили на трансферные вопросы

  • 32
  • 8

Олег Болякин озвучил главные проблемы «Барыса»

  • 32
  • 7

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Штормовое предупреждение объявлено в шести регионах Казахстана

  • 32
  • 1

Сборная Казахстана упала в рейтинге FIFA

  • 32
  • 1

Глава государства провел оперативное совещание Совета безопасности

  • 32
  • 1

Бывший футболист сборной Казахстана перешел в клуб Первой лиги

  • 32
  • 1

День благодарности отмечают в Казахстане

  • 32
  • 1

Определился первый полуфиналист плей-офф чемпионата Казахстана

  • 32
  • 1