• USD

    - 447.4

  • EUR

    - 477.55

  • CNY

    - 61.81

  • RUB

    - 4.76

Неге өзін-өзі «өртемек» болғанын түсіндірді (Видео)

Неге өзін-өзі «өртемек» болғанын түсіндірді (Видео)

Оқиға қалай болғанын полиция департаменті, облыс әкімдігінің басқармасы және кейіпкер – осы үш тараптың өз аузынан жеке-жеке ұсынамыз.  Пікірлердің айырмасы мен ұқсастығын саралауды оқырман ықтиярына қалдырамыз. Басқарма өкілі ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы ТҮКШ бөлімінің басшысы Самат Сүлейменов:  «Қаладағы көмір босататын теміржол тұйығында кезектің екі түрі бар. Біріншісі – әлеуметтік жеңілдікпен алушыларға, екіншісі – былайғы тұрғындарға. «Өзін өртемек» болған адам әлеуметтік жеңілдігі болмаса да, сол кезекке тұрған. Әлеуметтік көмір Өскемен қаласының тұрғындарына ғана арналған. Қала әкімдігі сондай меморандум жасасқан. Ал аудандардан келген тұрғындарға екінші кезек бойынша көмір босатылады. Бұл кісі – Ұлан ауданының тұрғыны. Ол кісі әлеуметтік көмек алғысы келетінін айтқан. Түсіндіру жүргізілсе де, наразы болған. Мәшинесін жолға қойып, кезекті бөгеген.  Жасырмаймыз тұйық басында кезек жоқ емес, бар. Шамамен, 15 көлік кезекте тұрады. Тұйықтардан күніне 200 жүк көлігіне көмір беріліп жатыр», - дейді Самат Сүлейменов. Полиция ақпараты «27 қазанда жүк көлігі жүргізушілерінің бірі бірнеше күн бойы көмір ала алмағандықтан өзін-өзі өртейтінін айтқан. Бұл жағдайға құқық қорғау органдарының қызметкерлері араласуға тура келді. Ұлан ауданынан келген жүргізушіде жеңілдікпен алуға рұқсат болмаған. Бірақ ол қанша күн кезек күтіп, шыдамы таусылғандықтан өзіне қол жұмсамақ болып қорқытқан. Полиция қақтығысқа араласып, басқа жүргізушілердің көмегімен оқиғаның алдын алды. Рас, жүргізуші Әкімшілік кодекстің 597-бап, 3-бөлімі бойынша жауапқа тартылды (басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіретін жүріс бөлігінде көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзу). Ол бойынша айыппұл – 10 АЕК.  Жанжалдың себептері қандай болса да, жүргізушінің әрекетінен кезекке үш сағат кедергі келген. Бұл одан да қиын жағдайға әкелуі мүмкін еді». Кейіпкер Сәулен Орайхан: «Мен үш күн бұрын мәшинемді кезекке қойып кеттім. Сосын кезегім келген күні бардым. Кезек бойынша үш рет қақпаның алдына жеттім, бірақ үш рет те мені кіргізбей қағып тастап отырды. Мені тоқтатады да, басқаларды өткізіп жібереді. Сүйтсем таныс-тамырлықпен өткізетін секілді. Мені неге өткізбейсіңдер деп сұрасам, сыймайсың деп, итеріп тастай береді.  Мен ол жерге күнде барып, көмір тасумен айналысып жүрген адам емеспін. Тек өзіме ғана алуға барамын. Жағдайымды айттым. Үйде анам бар, бала-шағам бар дедім. Түсінбеді.  Уақыт түске таяды. Алты-жеті мәшине кіріп-шықты бұл аралықта. Ақыры жолды жауып тұрып алдым. Екі күзетші жарайды сені түстен кейін, сағат бірден кейін кіргіземіз деді. Келістім де, мәшинемді шетке қойдым.  Ал енді түсен кейін саған жоқ, әлеуметтік жеңілдікпен алатындардың кезегі басталды дейді. Менің қаншама күннен бері кезек тосқаным оларға түк емес секілді. Таңертеңнен бері қағып тастағаны және бар. Соған қарамастан айтқандарына көніп, адамша келісімге келдім. Сосын кезектің алдына тұрып алдым. «Бағана берем дегенсің, бер енді көмірді» деймін. Бермейтінін айтты. Мәшинемді өртеп жіберейін онда дедім. Сол кезде олар полиция шақырды. Біз бәріміз жағдайдың себебін полицияға түсіндірдік. Олар түсінді. Бірақ бәрібір де «102-ні жабуымыз керек» деп, күшпен айыппұл салды. Осы кезде қала әкімінің орынбасары келді. Мен оған жағдайымды орысша айтып жеткізе алмадым. Менен кейін кезекте тұрғандар аударып айтып берді. Ол кісі маған көмір алып берді». Кезек туралы Жоғарыдағы оқиғаның куәгерлері "өз жағдайларын қиындатып алғысы келмейтінін" алға тартып, ашық пікір білдіруге келіспеді. Ал кезекке шағымданушылар жетерлік. Олардың барлығы қалаға жақын аудандардан келген. Ертісбек Байтықов:  "Ауылдан келгендерді сағаттап тұрғызып қояды. Ал алдымыздан 4-5 мәшинені өткізіп жібереді. Үлкен адамбыз, осылай істеуге бола ма?". Болат Рахымбаев: "Біздің алдымыздан басқа мәшинелерді кіргізіп жібереді. Бізге 10 күн тосуларың керек дейді. Үйде бала-шағамыз күтіп отыр. Оларға не дерімізді білмейміз". Ербақыт Шайзат: "Көліктерімізді кезекке қойып кетеміз. Өзіміз қаладағы туыстардың үйіне қонамыз. Бірнеше күн болды, көмір алған жоқпын әлі". Ауылдағылар неге Өскеменге келеді? Энергетика және ТҮКШ басқармасының ақпаратына сүйенсек, Ұлан ауданында жеке теміржол тұйығы жоқ. Олар көмірді Өскеменнен келіп алады немесе оларға аудандарды аралап сататындар жеткізеді. Өскемендегі тұйық басында әлеуметтік көмір (бір тоннасы) 9 800 теңге, былайғы халыққа арналған көмір (бір тоннасы) 10 300 теңгеден сатылады. Ал ауылдарды аралап сататындардың бағасы әрқалай. Тұрғындардың айтуына сүйенсек, бір тоннасы 16 мыңнан бастап, жолдың алыстығына қарай 25 мыңға дейін көтеріледі. Тасқын Болатұлы

источник
  • Поделиться:

Похожие темы

Дональд Трамп запустил бренд кроссовок

  • 32
  • 35

OpenAI не смогла зарегистрировать товарный знак GPT

  • 32
  • 33

Казахстан и Румыния создадут рабочую группу по сотрудничеству в энергетике

  • 32
  • 21

«Будущее идеально, пока не наступит»

  • 32
  • 11

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Борьба с клещами началась в Кызылординской области

  • 32
  • 1

Президент принял министра обороны

  • 32
  • 1

«Астана» объявила состав на «Тур Фландрии»

  • 32
  • 1

Маулен Ашимбаев встретился с Папой Римским

  • 32
  • 1

Юношеская сборная Казахстана примет участие в международном турнире

  • 32
  • 1

Сборная Казахстана упала в рейтинге FIFA

  • 32
  • 1