• USD

    - 448.15

  • EUR

    - 483.46

  • CNY

    - 61.99

  • RUB

    - 4.86

Бес қазақстандық боксшы Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бес қазақстандық боксшы Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық спортшылардан жартылай финалға 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Өзбекстан өкілі, Азияның екі дүркін чемпионы Нодиржон Мирзахмедовпен кездескен Теміртас Жүсіпов алғашқы болып ½ финалға шықты. Қарсыласының атақ-дәрежесіне қарамастан, Жүсіпов бұл жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ірі жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. 48 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін Жүсіпов бірінші раундта моңғолиялық Ган-Эрдене Ганхуягийнаны нокаутқа жіберген беларусь Евгений Кармилчикпен өзара мықтыны анықтайды. Жүсіпов пен Кармильчик арасындағы кездесу 4 қарашаға жоспарланған. Тағы бір қазақстандық боксшы Әлем чемпионатында жүлде алатын болды. 54 келіге дейінгі салмақта ширек финалда қазақстандық Махмұд Сабырхан бразилиялық Майкл Тринидадпен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша Сабырхан 2021 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, кем дегенде «қола» медаль алады.  Ресейлік БАҚ  өкілдері Махмуд Сабырханды украиналық атақты боксшымен стильдік жағынан салыстыра отырып, оны «Қазақтың Ломаченкосы» деп атап кетті. Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов 67 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалда моңғолиялық Чинзориг Баатарсухты жеңді. Жүсіповтің жартылай финалдағы қарсыластары ширек финалда Сербия өкілі Вахид Аббасовты 4:1 есебімен жеңген жапониялық Севонрец Оказава болмақ. Кезекті жартылай финалистердің бірі 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов. Ол Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері колумбиялық Юберхен Мартинесті жеңді. Бибосынов ½ финалда Әзірбайжан боксшысы Масуд Юсифзадты ұтқан тайландтық Танарат Саенгфетпен кездеседі. Серік Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Ресей чемпионы Эдуард Саввинді ұтты. Жартылай финалда қазақстандық боксшы кубалық Освел Кабальеро Гарсиямен жұдырықтасады. 4 қарашадағы жартылай финалдағы бұл текетірес қазақстандық және кубалық боксшылардың биылғы Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегі болмақ. Сонымен қатар сейсенбі күні тағы бес қазақстандық боксшы ширек финалдық жекпе-жектерінде жеңіліп қалды. Олардың арасында 71 келі салмақта қазақстандық Асланбек Шымбергеновтің жекпе-жегінің нәтижесі бапкерлердің көңілінен шықпады. Ол ширек финалда жастар арасында Әлем чемпионы болған украиналық Юрий Захареевпен кездесті. Бұл кездесуде Захареев жеңіске жетті. Бірақ, көптеген сарапшылар бұл нәтижені төрешінің қателігі деп бағалады. Қалай болғанда да, жартылай финалда ел намысын бес боксшы қорғайды. Бұдан бөлек Қазақстандық делегация Санатәлі Төлтаевтың (63,5 келіге дейін) Әлем чемпионатының ширек финалдық кездесуіндегі нәтижесіне наразылық білдірді. 21 жастағы Санатәлі шотландиялық Рис Линчпен жұдырықтасып, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Апелляция 1/4 финалдық барлық жекпе-жектер аяқталғаннан кейін қаралады. Ермұхамед Мәулен

источник
  • Поделиться:

Похожие темы

«Актобе» принял решение по будущему футболиста южноамериканской сборной

  • 32
  • 16

«Окжетпес» определился с главным тренером после вылета из КПЛ

  • 32
  • 13

«Не было уважения». Легенда «Барыса» раскрыл причины скандального ухода из клуба

  • 32
  • 14

Руководство кыргызстанского футбола подало в отставку после фиаско сборной на Кубке Азии

  • 32
  • 11

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Штормовое предупреждение объявлено в шести регионах Казахстана

  • 32
  • 1

Сборная Казахстана упала в рейтинге FIFA

  • 32
  • 1

Глава государства провел оперативное совещание Совета безопасности

  • 32
  • 1

Бывший футболист сборной Казахстана перешел в клуб Первой лиги

  • 32
  • 1

День благодарности отмечают в Казахстане

  • 32
  • 1

Президент поздравил казахстанцев с праздником Наурыз

  • 32
  • 1