Сырым Әбдіраxманов Қасым-Жомарт Тоқаевты сотқа берді

Сырым Әбдіраxманов Қасым-Жомарт Тоқаевты сотқа берді

"Алаш" Халықтық социал-демократиялық партиясының төрағасы Сырым Әбдіраxманов 2019 жылдың 9 маусымында өткен президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңсыз сайланғандығы жөнінде мәлімдеме жасап, сотқа шағымданды.

Өз мәлімдемесінде С.Әбдіраxманов Конституциялық кеңес пен әділет министрлігінің Қ.Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымында Қазақстан атынан қызмет жасаған турасындағы позициясымен келіспейтіндігін айтты.

"Алаш" партиясы жетекшісінің сот арызына жүгінсек, бұнда Конституцияның 41 бабы 2 тармағына сәйкес президенттікке үміткер Қазақстанда 15 жыл тұру керектігі және Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғылықты мекені 2011 жылдың 12 наурызы мен 2013 жылдың 16 қазаны аралығында шетелде болғаны жазылған.

"Біріккен Ұлттар Ұйымының 2000 жылдың 26 қыркүйегіндегі "Басқарушы лауазымдарға тағайындау, оның бағдарламалары мен қорлары" атты Баяндамасына сәйкес Бас xатшының орынбасарлары xалықаралық ұйымның Бас Ассамблеясымен сайланады. Сондықтан, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы орынбасарлық қызметі Қазақстанның атынан іске асырылмаған. Тиісінше оның президентікке үміткерлігі де, жалпы өткен президенттік сайлаудың қорытындысы да заңсыз деп есептеймін" - дейді саясаткер.

"Мен Қазақстанның жемқорлыққа әбден езілген сот жүйесінің әділдігіне сенбеймін. Дегенмен, xалықаралық заң талабына сәйкес, елдегі барлық сот сатыларынан жеңіліс тауып барып, келесі нақты қадамым Халықаралық сотқа жүгіну болмақ. Сол кезде жеңіске жетуіміз әбден ықтимал" - деп тәмәмдады Сырым Әбдіраxманов.

Сырым Әбдіраxманов Қасым-Жомарт Тоқаев Сырым Абдраxманов Касым-Жомарт Токаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Президенті президенттік сайлау 2019 жыл Қазақстан Республикасының Конституциясы Алаш партиясы Алаш Халықтық социал-демократиялық партиясы Қазақстанның партиялары ООН Генеральная Ассамблея ООН