• USD

    - 448.81

  • EUR

    - 476.82

  • CNY

    - 62

  • RUB

    - 4.77

Сырым Абдрахманов: Назарбаев пен Тоқаев тақымын қысса да, Қытай елшісіне жауап беретін Қазақ бар!

Сырым Абдрахманов: Назарбаев пен Тоқаев тақымын қысса да, Қытай елшісіне жауап беретін Қазақ бар!

Белгілі саясаткер және тіркелмеген «Алаш» Халықтық партиясының төрағасы Сырым Абдрахманов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоны сотқа берді.

Ол қазақстандық соттан Қазақ Елінің халқын, соның ішінде Қытай экспансиясына қарсы шыққан Жаңаөзендіктерді балағаттаған Қытай елшісінің халықтан кешірім сұрауын және дипломаттың миссиясын тоқтатуды талап етті.

С.Абдрахмановтың «фейсбук» әлеуметтік желісінде жарияланған сот шағымында:

«2019 жылғы тамыздың 30-да «Тәңір» (Тенгри) қонақүйінде өткен Халық Құрылтайынан кейін келесі күндері Жаңаөзен, Ақтау, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және басқа да өңірлерде Қазақстан халқы Қытайдың экономикалық экспансиясына қарсылық танытып, Қазақ Елінде шұғыл саяси және жер реформаларын жүргізуге, сонымен қатар, тиісті экономикалық-әлеуметтік өзгерістер жасауға талап қойды.

Аталмыш талаптар Қауіпсіздік кеңесінің өмірінің соңына дейінгі төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 09.09.2019ж. №19000000111000135 және Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 09.09.2019ж. №190000001110002206 тапсырылған болатын.

Нәтижесінде, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның 04.09.2019ж. «Sputnik» халықаралық интернет сайтында «Сондай күлкілі: Қытай елшісі Жаңаөзендегі митинг жайлы не ойлайтынын ашық айтты» деген атаумен мәлімдемесі жарияланды.

Мақалада Қытай елшісі: «Осы митингте айтылған ойлар мен сөздер – сондай күлкілі. Олар сол арқылы Қазақстанның үкіметтік органдарының құзіреттілігі мен кәсібилігіне күмән келтіреді. Менің оларға бір ғана сұрағым бар: «сендердің естерің дұрыс па?», - деген.

Саясаткердің айтуынша, Қытай елшісі Чжан Сяо өз мәлімдемесімен 1961 жылғы 18 сәуірдегі «Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена конвенциясының ережелерін және Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық нормаларын өрескел бұзған.

«Алпауыт мемлекеттің Елшісі түгел Басшысы да Қазақ Еліне үстемділігін немесе басқыншылығын көрсетуге құқығы жоқ! Назарбаев пен Тоқаев тақымын қысса да, Қытай елшісіне жауап беретін Қазақ бар! Қытай Қазақ Елінде Халқы мен мемлекеттілігін қорғап қалатын, жан пида болатын Ел жанашырлары, азаматтары, Халық сарбаздары бар екенін сезінуі және білуі тиіс!   Қазақстан тірі, әрі Қытай экспансиясына ешқашан жол бермейді!  Халқымыздан кешірім сұрап, Елші Қытайға кері қайтарылуы тиіс!», - деп тәмәмдады партия төрағасы.

источник
  • Поделиться:

Похожие темы

Найдена самая заразная и опасная инфекция

  • 32
  • 28

Стал известен следующий соперник Сауля «Канело» Альвареса

  • 32
  • 29

Экс-чемпион UFC сделал заявление о России

  • 32
  • 30

Геннадий Головкин заставил сомневаться в себе

  • 32
  • 27

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Борьба с клещами началась в Кызылординской области

  • 32
  • 1

Президент принял министра обороны

  • 32
  • 1

«Астана» объявила состав на «Тур Фландрии»

  • 32
  • 1

Маулен Ашимбаев встретился с Папой Римским

  • 32
  • 1

Сборная Казахстана упала в рейтинге FIFA

  • 32
  • 1

Глава государства провел оперативное совещание Совета безопасности

  • 32
  • 1