• USD

    - 446.49

  • EUR

    - 475.38

  • CNY

    - 61.66

  • RUB

    - 4.79

Алматыда жыл басынан бері 132 мың адам әлеуметтік көмек алды

Алматыда жыл басынан бері 132 мың адам әлеуметтік көмек алды

Бұл мәліметтерді Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Назира Тоғызбаеваның айтуынша, жыл басынан бері 132 мың алматылық әлеуметтік қолдау алды. Ол көмек «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көрсетіліп жатқанын, аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге қолдау көрсетілетінін еске салды. Сонымен қатар, әлеуметтік жобалар іске асырылуда және еңбек қатынастары саласында мемлекеттік бақылау жүргізілуде.

Спикердің сөзінше «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 13,8 млрд бөлінді. Бұл қаражат 24 мыңнан астам адамға жетуге көмектеседі.

«Ағымдағы жылдың 7 айында Жұмыспен қамту орталығына 27 мың адам жүгінген. 19 700 адам жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша белсенді шараларға тартылды, 17 900 адам жұмысқа орналастырылды», - деді басқарма басшысы.

Тұрақты жұмыспен қамтылғандардың ішінде мегаполистің 8 700 тұрғыны бар, тағы 9 200 адам уақытша жұмыспен қамтылды, 1 100 адам қазір әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейді, 1 500 үміткер жастар практикасына жіберілді. Білім беру ұйымдарының тағы 800 түлегін жұмысқа орналастыру жоспарлануда. 6 600 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Назира Тоғызбаеваның айтуынша жас түлектердің бәсекеге қабілеттілік деңгейі төмен. Сондықтан қалада жастарға қажетті жұмыс дағдыларын алуға және жұмысқа бейімделуге көмектесуге бағытталған «Бірінші жұмыс» жобасы іске қосылды. Жоба аясында 116 адам жұмыспен қамтылған.

Басқарма басшысының айтуына биыл 757 алматылық 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грантқа ие болып, өз бизнесін жүзеге асыруға 583 мың теңге алған. Кәсіпкер болғысы келетіндер негізінен тігін, аспаздық, маникюр, шаштараз және басқа да қызметтер бойынша жеке істерін аша алады.

источник
  • Поделиться:

Похожие темы

Мбаппе необычным способом обошел Месси и Роналду

  • 32
  • 67

Названа возможная причина отказа Шавката Рахмонова от боя за титул чемпиона UFC

  • 32
  • 27

Зайнутдинов рискует не сыграть против лидера чемпионата Турции

  • 32
  • 18

В Казахстане предложили на законодательном уровне обязать прокатчиков переводить зарубежные фильмы на казахский язык ― обзор казпрессы

  • 32
  • 19

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Борьба с клещами началась в Кызылординской области

  • 32
  • 1

Президент принял министра обороны

  • 32
  • 1

«Астана» объявила состав на «Тур Фландрии»

  • 32
  • 1

Маулен Ашимбаев встретился с Папой Римским

  • 32
  • 1

Казахстанский гимнаст стал победителем этапа Кубка мира

  • 32
  • 1

Юношеская сборная Казахстана примет участие в международном турнире

  • 32
  • 1