• USD

    - 446.49

  • EUR

    - 475.38

  • CNY

    - 61.66

  • RUB

    - 4.79

Протез үшін күресіп жүрген теміртаулық апелляциялық сотта жеңіске жетті

Протез үшін күресіп жүрген теміртаулық апелляциялық сотта жеңіске жетті

Жұмыс берушінің кесірінен бір аяғынан айырылып, протез үшін күресіп жүрген Теміртау қаласының тұрғыны Олег Шарапатюк апелляциялық сотта жеңіске жетті. 9 маусымда Қарағанды облыстық соты оның жеке шағымын қарады.  Бұған дейін Теміртау қаласының соты денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушіден өтемақы өндіруді талап еткен Шарапатюктің өтінішін қанағаттандырмай қойған. Шарапатюк апелляциялық соттан осы шешімнің күшін жоюды сұраған. Мамыр айында шағым беруші ақпарат құралдарына соттың жұмыс берушіні жақтап, біржақты позиция ұстанып отырғанын айтқан. Жауапкер жақ Ren Milk компаниясының өкілі сәрсенбі күні сотта бірінші инстанциядағы сот шешімінің заңды екенін алға тартып, оны өзгертпеуді өтінді.  Видео: Жұмыста аяғынан айырылған Олегтің протез үшін күресі (10 маусым 2021 жыл).   Ақыры облыстық сот алқасы бірінші инстанцияда шыққан шешімнің күшін жойды. Судья Көміртасова қалалық соттың шешімімен келіспегенін жеткізді. Азаматтық іс енді Теміртау қаласының сотына қайта қарауға жіберіледі. Сот алқасы протездің жарамдылық мерзімі аяқталғанына көзі жеткенін айтып, медициналық мекеменің оны алмастыруға кеңес бергенін алға тартты.  – Мен артық нәрсе сұрап тұрған жоқпын. Протездің мерзімі баяғыда бітіп кеткен. Дүкеннен әрі қарай жылжу мүмкін емес. Ескі протездің салдарынан аяғым қақсап, түнде ұйықтатпайды. Соттың мәселені зерттеп, әділ шешім шығарғанына қуаныштымын. Мұнда қоғамдық резонанстың үлкен рөл атқарғанын атап өту жөн. Басымдағы жағдай мен протез үшін күресім туралы мақалалар мен видеолар өз көмегін тигізді. Себебі бұрын соттар менің шағымымды қараудан бас тартатын немесе мүлде қанағаттандырмай тастайтын. Теміртау соты да мәселені мұқият зерттейді деп үміттенемін. Маған жаңа протез салып беріп, ойдағыдай жүріп-тұра алатын шығармын деген үмітім бар, – деді соттан кейін Олег Шарапатюк Азаттық тілшісіне.   Олегтің ойдағыдай жүріп-тұруына көмектесетін протездің құны 5,5 млн теңге. Ол жұмыс берушіден осы ақшаны өндіріп алғысы келеді. Мамыр айында Азаттық Шарапатюктің ескі протезбен қалай күн көріп жүргені туралы видео жариялаған. Соған қарамастан комиссия Шарапатюкке үшінші топ мүгедектігін берген.  Олег мемлекеттік органдардың үнсіз қалғанына, жұмыс берушілерді бақыламайтынына наразы. Азаттық оқырмандары осыған дейін Олегке шамамен 135 мың теңге жинап берген. 

источник azattyq.org
  • Поделиться:

Похожие темы

«Пытаемся друг друга удивить». Спарринг-партнер Шавката Рахмонова раскрыл его уникальность

  • 32
  • 8

«Грозятся, что будет разрывать». Трансферы игроков в клубы КПЛ не впечатлили эксперта

  • 32
  • 14

Легенда «Барыса» назвал лучший состав в истории клуба

  • 32
  • 16

Мужчина сбросил 69 килограммов благодаря новому увлечению

  • 32
  • 12

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Борьба с клещами началась в Кызылординской области

  • 32
  • 1

Президент принял министра обороны

  • 32
  • 1

«Астана» объявила состав на «Тур Фландрии»

  • 32
  • 1

Маулен Ашимбаев встретился с Папой Римским

  • 32
  • 1

Казахстанский гимнаст стал победителем этапа Кубка мира

  • 32
  • 1

Юношеская сборная Казахстана примет участие в международном турнире

  • 32
  • 1