• USD

    - 447.4

  • EUR

    - 477.55

  • CNY

    - 61.81

  • RUB

    - 4.76

Маңғыстау әкімі құрғақшылық туралы: Көрші облыстардан жем-шөп тасимыз, құдық қазғандардың шығынын өтейміз

Маңғыстау әкімі құрғақшылық туралы: Көрші облыстардан жем-шөп тасимыз, құдық қазғандардың шығынын өтейміз

Құрғақшылық салдарынан малы қырылып жатқан Маңғыстау облысы тұрғындарына жем-шөп жеткізіледі. Бұл туралы 10 маусым күнгі брифинг кезінде Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген облыс әкімі Серікбай Тұрымов айтты.  – Қазір жергілікті бюджеттен 200 млн теңге қарастырылды, оған Ақтөбе облысынан жаңа шабылған шөп пен әлеуметтік корпорациядан арзан бағамен жем сатып алынып, облысқа жеткізіледі. Қазір бағаны реттеу мәселесі ғана шешілмей тұр. Алдағы уақытта 15-20 маусымға дейін 10 вагон жем арзан бағамен облыс тұрғындарына беріледі, – деді Тұрымов.  Су тапшылығы мәселесіне байланысты жауап берген әкім су көзін тапқандардың "шығынын толтыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар" барын айтты. "Егер шаруа қожалықтары құдық қазса, екі млн теңге жұмсалады. Біз субсидия арқылы осы соманың жартысын өтейміз. Қазір құрғақшылыққа байланысты министрлікпен шығынның 80 пайызын өтеу туралы келісімге келіп отырмыз. Яғни, егер тұрғындар жаңадан құдық қазғысы келсе, оларды қолдаймыз" деді әкім.  Шенеуніктің айтуынша, "кейінгі 2-3 жылда облыста шөп пен жауын-шашын мөлшері мүлде азайып кеткен". Биыл көктемде құрғақшылық салдарынан Маңғыстау облысында 1103 ірі қара мал өлген, 512-сі – жылқы. Кейінгі аптада Маңғыстау мен Қызылорда облыстарын құрғақшылық дендеген.  Ресми мәлімет бойынша, екі облыста екі мыңнан астам ірі қара мал (мыңы – жылқы) қырылған. Кейбір фермерлер жем-шөп сатып алып, малды қорада ұстауға жағдайы жоғын айтқан. Олар үкімет тез арада көмек бермесе, малдар жаппай қырылайын деп тұр деп ескерткен.  Қарай отырыңыз: "Жылқы топырақ жеп жатыр". Қуаңшылық қинаған шаруа көмекке мұқтаж (9 маусым 2021 жыл). Сарапшылардың айтуынша, фермерлер мен мемлекет осындай "төтенше жағдайлар үшін" жем-шөп қорын үнемі дайындап отыруы тиіс болған. Қазақстанның ет одағының директоры Мақсұт Бақтыбаев 365info сайтына берген сұхбатында құрғақшылықтың салдарын азайту үшін және малдың қырылуына жол бермес үшін үнемі жем-шөп тасымалын ұйымдастырып отырған дұрыс деп айтқан. Оның айтуынша, жағдайды болжауға үшін ауа райы болжамы көмектеседі. 

источник azattyq.org
  • Поделиться:

Похожие темы

В Мангистауской области продали незаконно 3,4 га земли вдоль побережья Каспия

  • 32
  • 8

Елена Рыбакина рассказала о преодолении своей главной проблемы

  • 32
  • 7

Появились неожиданные новости о ФК «Актобе»

  • 32
  • 7

Макгрегор удивил ответом на вызов нового чемпиона UFC Топурии

  • 32
  • 5

Ребрендинг и обновление нашего сайта

Кто и как нам помог, читайте далее

Популярное сегодня

Борьба с клещами началась в Кызылординской области

  • 32
  • 1

Президент принял министра обороны

  • 32
  • 1

«Астана» объявила состав на «Тур Фландрии»

  • 32
  • 1

Маулен Ашимбаев встретился с Папой Римским

  • 32
  • 1

Юношеская сборная Казахстана примет участие в международном турнире

  • 32
  • 1

Сборная Казахстана упала в рейтинге FIFA

  • 32
  • 1