Соңғы 6 жылда 34 қызымыз қытайлықпен некеге тұрған

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев соңғы алты жылда этникалық қытайлармен некеге тұрған қазақстандық қыздар саны небәрі 34 екенін Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Жұмыс барысында Статистика комитетінің мынадай бір деректерін кездестірдім" деген министр 2010 жылдан бергі статистиканы келтіреді.

Статистикаға қарағанда, 2010 жылдан бастап 2016 жылғы сәуір айына дейін ҚХР азаматтарына 253 қазақстандық тұрмысқа шыққан көрінеді. "Соның ішінде, 190 қазақ қызын Қытайда тұратын өз қандастарымыз, яғни қазақ жігіттері жар еткен. Осы уақыт ішінде, яғни алты жылда этникалық қытайлармен некеге тұрған қыздар саны - небәрі 34. Ал, осы кезең ішінде Қазақстанның 277 азаматы ҚХР қыздарына үйленген. Соның ішінде 244-і - Қытайда тұратын қазақ қыздарымен бас құраған қазақ жігіттері", - деп жазды Дәурен Абаев.

Әрине, ел шулаған кезде осындай ресми деректердің жарыққа шыққаны керек-ақ. Бірақ, бұл ресми дерек. Қытайлар қыздарымызды азаматтық некемен-ақ жар етіп жатуы бек мүмкін.

Шәріпхан Қайсар

Аbai.kz

Тэги: 

Комментарии

Добавить комментарий