Астана қаласына жеткізілетін өсімдіктер өнімінің фитосанитариялық қауіпсіздігі

Өсімдіктер карантині туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңына сәйкес Астана қаласына жеткізілетін карантинге жатқызылған өсімдіктер өнімін қарап-тексеру, көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын көріп зерттеп-қарау жүргізіледі.

Құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау — карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық қауіпсіздігінің Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Астана қаласына , сондай-ақ ғылыми-зерттеу мақсаттарында карантинді объектілерді әкелуге, әкетуге немесе олардың транзитіне рұқсат беруге өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган келісімінің болуын растайтын карантиндік құжаттарды тексеру жүргізіледі.

Астана қаласының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау іс-шаралары кешенді және тұрақты негізде жүргізіледі.Карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу мемлекеттік инспекторлардың басты міндеті болып табылады.Астана қаласы бойынша екі фитосанитарлық бақылау бекеті жұмыс істейді, халықарлық әуежай және темір жол фитосанитарлық бакылау бекеті. Былтырғы жылғы қорытынды есеп бойынша 6203 автокөлік,4478 вагон, 1627 контейнер тексеріліп , оларға 18084 тексеру актісі берілді. Сонымен қатар 214 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды және 14 карантиндік нысан анықталды.

Өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспектор Д.Б Абилказиев

Комментарии

Добавить комментарий